15 Қаң 2021
Жаңалықтар-77

Арыстан мен тышқан

КМҚК «Асыл»ясли-бақшасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Көркем әдебиет .

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан.

Тәрбиеші: Шағиева А.Т 

Көкжыра 2020ж.

11.11.2020ж

Сәрсенбі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан.

Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру,ертегіні мұқият тыңдауға үйрету

Білімділік: Оқылған ертегі мазмұнын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Ертегі кейіпкерлерін рольге бөліп сомдай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Жағымды жаксы жақтарын, бойларына тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Арыстанның, тышқанның суреттері

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік.

  Шаттық шеңбері.

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме апайлар!

-Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер бұл қандай ертегі екенің тауып аласыңдар?

   Жұмбақ.

Атай өзі салғанын ,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады.

Бұл қай ертегі?

  Атасынан қашып кетті,

 Апасынан қашып кетті.

 Кездестіріп біраз аңды,

 Біраз жолдан асып кетті.

 Бұл қай ертегі?

Айбарлы түсі бар,

Қанжардай сұсы бар.

Күжірейген жалды,

Білсен айт бұл аңды.

 Бұл қай ертегі?

 -Дұрыс балалар.Арыстан- азулы аң патшасы. Ол орманда өмір сүреді. Арыстан ашуланғанда күркүреген дыбыс шығарады.

Тышқан кішкентай жәндік.

-Кәне балалар қараңдаршы мына суреттерден қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар сендер аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Кәне кім айтады.

Тақпақтар.

Кезіп ішін орманның,

Кетіп қалма қорбаным.

Қалың нудан бал таңдап,

Қанги берме балпандап.

 

Адамға айбат шегеді,

Қарап тұрмын алыстан.

Құйрығы ұзын денелі,

Айбатты екен арыстан.

 

Орманға біз барамыз,

Ағаштарды аралап.

Арыстан болып ақырып,

Тышқанша біз жүреміз.

Жақсы балалар сендер аңдар туралы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер өте тамаша.

-Біз бүгін «Арыстан мен тышқан»  туралы қызықты ертегімен танысамыз.

Ендеше балалар мұқият тыңдаймыз.

-Қазір мен сендерге оқып беремін мұқият тыңдаймыз.

-Кәне кім түсінгенің айтып береді?

Өте тамаша балалар, жақсы түсініп алыпсыңдар.

Балалар біз енді осы ертегіні,Күншуақ театрына Арыстан мен тышқан ертегі келіпті соны көрейік.

Балалар билет алатын ақшаларын бар ма?

Театрда тыныштықты сақтаймыз, сөйлемейміз.

Ертегі ұнады ма сендерге?

Балалар біз бүгінгі көрген ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Жасаған жақсылықтың қайтарымы бар екен балалар жақсы, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар көп рахмет балалар.

Сендерге тосын сыйым бар, қазир барлықтарына таратып беремін рахмет сендерге балалар.

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқан ертегі

 

 

 

 

Бауырсақ ертегі.

 

 

 

 

Арыстан.

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

Айзере.

 

 

 

 

Інжу.

 

 

 

 

 

 

Балым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұлтан, Инабат.

 

 

 

 

 

 

 

Иә.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Ертегінің мазмұнын түсінді.

Меңгерді: Кейіпкерлерді рольге сомдай білуді меңгерді.

Игерді: Ертегіні мұқият тыңдауды игерді.

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар