01 Қырқ 2022
Жаңалықтар-77

Балалар жылына орай жазғы жұмыс жоспарына сәйкес балабақшамызда " Менің өлкем" тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды

Балалар жылына орай жазғы жұмыс жоспарына сәйкес балабақшамызда " Менің өлкем" тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: Туған ауыл, оның табиғатымен, мекемелер мен ,ерекше жерлерімен таныстыру.
Экскурсияны "Еркетай" тобы тәрбиешісі Смаилова Г.С гид       болып таныстырып отырды. Ауылда халыққа қызмет көрсетіп отырған мекемелер туралы мәлімет берді. Почтаға барып, ондағы қызметкерлер жұмыстары жайында балаларға әңгімелеп берді.
Әкімшілік, емхана, мәдениет үйі, дүкендер мен саябақ, мектеп, мұражай  ғимараттарын сырттай тамашалады.
Екі ауылдың ортасынан ағып жатқан Базар өзеніне тоқтап  сумен, ондағы балықтармен, өсімдіктер  мен танысты. Өзен жағасынан жиналған емдік өсімдіктерден, гүлдерден  болашақша гербари жасаймыз. Сол жерде балалар әр түрлі қозғалмалы ойындар ойнады. Экскурсия барысында балалардың туған өлкелері туралы білімдері кеңейтіп, қызығушылықтары артып, жақсы көңіл күйде балабақшаға оралды. Қызығушылықтары оянғаны соншалық, тағы экскурсияға шығайықшы деп ұсыныс жасады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар